Әлемдік алыптардың үнсіз соғыс қалай жүріп жатыр? Тең құқылы соғыс па, әлде жай ғана келіспеушілік пе? Бірге түсініп көрейік.
Осыдан, көптеген жылдар бұрын бұл екі алпауыт арасында қақтығыстар байқалып келген болатын. Аналитиктер сараптама жасады, желілер екі компания атауы мен екі компания арасындағы жанжалдың өшкен отын тұтатып отырды. Компаниялар арасындағы жанжалдың шығу себебінің бірі- Google+ қолданбылсының шығуы. Бұл жөнінде Facebook әлеуметтік желісінің бұрынғы қызметкері Антонио Гарсиа Мартинес өзінің кітабінде жазған болатын.
2011 жылы Google компаниясы Facebook-ке қарсылас ретінде өзінің жаңа қолданбалысын, әлеуметтік желіге тән Google+ өнімің ұсынған болатын. Бұл Google тарапынан жасалған бірден-бір ұтымды қадам болды, себебі бұл жолы жаңадан іске қосылған әлеуметтік желі өзімен бірге басқа да адамға қолдануға ыңғайлы желілер мен интерфейстерді өзіне қосты. Онын ішінде: Gmail, Youtube, Google drive және басқа да. Бұл Facebook үшін үлкен соққы болды және өзінің қолданушыларын жоғалтудағы ең үлкен қауіп болды.
“Бұл желі барлық бүгі-шүгесіне дейін ойластырылған дайын өнім болды. Онда суретшілерге керекті сақтау мекені, суреттерді өндеу, желінің дизайны өте минималисттік болды және қолданысқа ыңғайлы болды. Ал, ең бастысы онда реклама болмады, себебі Google керекті қаражатты AdWords арқылы алуға мүмкіндігі болды. Қатыгез монополист тактикасы!”
- деп жазады Мартинес- Facebook компаниясының бұрыңғы қызметкері, Кремний алқабы жайлы көптеген еңбектердің авторы. 2012 жылдың қыркүйек айында Google компаниясы өзінің жаңартылған статистикасын ұсынған болатын статистикаға сәйкес әлеуметтік желіге 400 миллион қолданушы тіркеліп, 100 миллионы желінің белсенді қолданушылары болып қала берген. Facebook болса 100 миллион қолданушы нәтижесіне жету үшін өзінің 4 жылдық уақытын жұмсаған болатын, ал қарсыластарға не бәрі бір жыл керек болды. Facebook әлемінде үлкен паника көтеріле бастады, егер де дәл қазір бұндай қарсыласқа жауап қайтарылмайтан болса, компания құлдырауға кетіп, өзінің қолданушыларын жоғалтуға бет бұрар еді.
Мартинес естеліктеріне көз жүгіртсек, компания ішінде “SOS” тетігі басылып, Марктің жеке қадағалауымен үлкен жұмыс басталып кетеді. Дизайнерлерге жаңадан шыққан желінің дизайнын зерттеуге арнайы уақыт беріледі, ал компания ішіндегі қызметкерлерге бұл мәселе толық шешіліп бітпейінше компания аймағынан шығуға тыйым салынатын болады. Facebook үлкен түсініксіз жағдайға дұшар болады. Уақыт өткен сайын Google+ желісінің аздаған уақытта расында да осыншама қолданушы жинауына қатысты күдіктер пайда бола бастайды. Компания басқаларды және өзің алдаумен айналысқаны шыға бастайды, жасалған сауалнама бойынша ол желімен тіпті қолданатын адамдар пайызы айтылған статистканың тіпті жартысын да құрмайтыны белгілі болды. Оның барлығы желінің функцияларының уақыт өте келе ешбір керексіз қала беретіндіктен болды. Google компаниясынын директоры Ларри Пейдж бұл идеяны Вик Гундотрдан- Microsoft компаниясындағы экс-топ менеджерінен алғаны жиі айтылады. Ол өз кезегінде Facebook-ке қатысты ойларында:
“ Желілер- нетворкинг үшін, ал “араласатын аймақ”(мұндағы: circle)- жақын адамдармен байланыста болу үшін керек”.
2014 жылы Гундотра өзінің жұмыстан кетуі туралы жария етеді, артынша Google өзінің қарсыласымен тепе-тең келе алмайтынын мойындап, жарыстан шығып кетеді. Осымен соғыс аяқталды деп есептеуге болатын кезде, Google жаңадан күш жинап, енді жаңа серпінмен өзінің алпауыт қарсыласына жаңа тосын сыйлар дайындаған еді. 2017 жылдың өзінде компания:
Өзінің мобильді қондырғысын жаңалағаны соншалықты тек соқыр ғана Facebook лентасына қатты ұқсастығын байқамайтындай дәрежеге жеткізді.
SOS ескертпелерін енгізді. Facebook бұл жаңалауды тек 2014 жылы ғана өзіне ала алған, ал қарсыласы қазірдің өзінде осыған тез қол жеткізе алды.
Өзінің барлық қолданушыларын PC-нұсқадағы өнімдерің жазып алуға мүмкіндік беретіні туралы хаттарды жіберумен айналусуды бастады. Дәл осы жұмысының нәтижесінде 2016 жылдың сәуір айымен салыстырғанда 2017 жылы қолданушылар саны 40% пайызға өсті, ал ол -700 миллион қолданушы.
Онымен қоса өзінің қарсыласына қарағанда Google басқа желілер мен платформалармен белсенді синергия жүргізуде. Ол өзінің қарамағына көптеген керекті арналарды шоғырландыруын қамтамасыз етті.
Сөзсіз, Google адамзат үшін ең үздік іздеу және үйрену аймағы болады, алайда өзінің қарсыласының дәрежесіне желі бойынша жету бұл компанияға өте қиын болмақ. Facebook желісінде мобильді жарнама бойынша компания табысы 53 пайыздан 87 пайызға өскен. Қолданушы саны бойынша да, табысы жағынан да, танымалдылығы жағынан да Facebook алда, Google бүгінде тек бір Youtube арқылы көпшілікті өзіне байлауда, алайда қарсыласы да қарап қалып жатқан жоқ. Қазір Facebook бұл саланы жаңадан зеррттеп жатыр. Кім білсің бұл жарыс нәтижесінде Facebook тарапынан Youtube альтернативасы пайда болатын шығар.